2025 ж. 23 мам.
ALKALOID компаниясы - 2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі кезеңдегі негізгі қызметінің нәтижелері
2024 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына дейінгі кезеңде ALKALOID компаниясы 308,9 млн еуро мөлшерінде жиынтық сату көлеміне, 210,5 млн еуро мөлшерінде жиынтық экспортқа қол жеткізді және 23,3 млн еуро инвестициялады.
САТЫЛЫМДАР
2024 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына дейінгі кезеңде қаржылық қызмет нәтижелері туралы аудиттен өтпеген дербес есептің мәліметтері бойынша сатылым көлемі 13 433 299 470 македониялық денарды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артық. Жалпы сатылым көлемі 19 005 696 029 македониялық денарды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артты.
Өңірлер мен елдер бойынша сатылымдар
Ішкі нарықтағы жиынтық сатылымдар 17%-ға өсті, ал компанияның жиынтық экспорт көлемі 14%-ға артты. Дүниежүзілік фармацевтикалық өнім өндірушілердің танымал өкілдерін таныстыра отырып, компания заманауи сирек және мамандандырылған емдеу әдістерін ұсынуда белсенді қатысады, ал қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сенімді серіктес ретінде ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне елеулі қолдау көрсетеді. Мұндай бағдарламалардың шектеулі рентабельдігіне қарамастан, олар ішкі нарықтың жиынтыө сатылым көлеміндегі үлесін айтарлықтай арттырды. Жиынтық сатылым көлемінің 32%-ы ішкі нарықта сатылса, шетел нарықтарына 68% тиесілі. Аймақтарға бөлінуі көрсеткендей, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріне сатылымның 27%-ы, Батыс Еуропа елдеріне (ЕО және ЕАСТ) 22%, Шығыс Еуропа (ТМД, Украина...) 18%-ды құрайды, ал басқа нарықтарға жиынтық сатылым көлемінің 1%-ы тиесілі.
Сатылымдардың ең үлкен өсуі Кипрде байқалды — 9 есе, одан кейін Литва келеді, онда сатылымдар 2,5 есе өсті. Одан кейін Чили, сатылымдар 92%-ға артты, кейін Ұлыбритания — 62%, Иордания — 59%, Грузия — 57%, Украина — 48%, Португалия — 45%, Моңғолия — 36%, Германия — 26%, Швейцария — 24%, Румыния — 21%, Албания — 21%, Армения — 18% және т.б.
Бұйымдардың топтары бойынша сатылымдар
Өнім топтары бойынша жиынтық сатылым көлемінің ең үлкен үлесі «Фармацевтика» сегментіне тиесілі - 91%, нақтырақ айтқанда, антибиотик препараттарына 26%, рецептсіз препараттарға - 19%, неврологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттарға - 12%, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған препараттарға - 11% және т.б. Химиялық, косметикалық және өсімдік тектес өнімдер сегментінің үлесі жиынтық сатылым көлемінің 9% құрайды, нақтырақ айтқанда, химиялық өнімдерге 2%, косметикалық өнімдерге - 6% және өсімдік тектес өнімдерге - 1%. Жиынтық сатылым көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық табыс алу орталықтарында өсті. Фармацевтикалық өнімдер сегменті 16%-ға, химиялық өнімдер 7%-ға, косметикалық өнімдер 5%-ға және өсімдік тектес өнімдер 6%-ға өсті.
Капитал салымдарына шығындар
Тұрақты модернизация мен өндірістік қуаттарды, көлемдер мен өнім ассортиментін кеңейтуге ұмтыла отырып, ALKALOID AD Skopje компаниясы 2024 жылы соңғы жиырма жылдағы ең ірі инвестициялық жобасын аяқтады. Бұл жобаның аясында «2.0 таблеткаларын өндіру цехы» деп аталатын қатты дәрілік формаларды өндіруге арналған заманауи кәсіпорын және оған ілеспе өндірістік инфрақұрылым құрылды. Жаңа өндірістік және технологиялық инфрақұрылым өндіріс көлемін екі есеге арттыру және қатты дәрілік формаларды өндірудің икемділігін арттыру мақсатында 6 200 шаршы метрді алып жатыр және өндірістік, технологиялық бөлмелерді қамтиды. ALKALOID компаниясы бұл кәсіпорынға жалпы 19,4 миллион еуро инвестиция салды.
Биылғы жылдың бірінші жартысында біз тағы бір стратегиялық инвестиция жасадық. PC Cosmetics компаниясында құны 1,7 миллион еуро тұратын ылғалды майлықтарды өндіру және орауға арналған жаңа өндірістік желі орнатылды. Ылғалды майлықтарды өндіруге арналған жаңа жабдықтың өнімділігі минутына 120 дана және толық автоматтандырылған орау желілерімен толықтырылған. Нәтижесінде, біз ылғалды майлықтарды өндіру қуатымызды екі есеге арттырып, өндіре және орай алатын өнім ассортиментімізді кеңейттік.
2024 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін негізгі активтерге барлығы 1 435 215 македон денары инвестицияланды.
Шетелдік инвестициялар
2024 жылы ALKALOID AD Skopje компаниясы Хорватияда ALKALOID PHARMA INTERNATIONAL DOO Zagreb атты жаңа компанияны тіркеді. Компания өндірген өнімдердің 68%-ы экспортқа шығатындықтан, Еуропа Одағы нарықтарында болу және жаңа нарықтарға шығу өте маңызды. Осылайша, бұл жаңа заңды тұлға Еуропа Одағына кіретін елде тіркелген сегізінші компания болды.
Компания сондай-ақ Қазақстанда «Алкалоид Қазақстан» ЖШС атты жаңа филиалын тіркеді, ол Азиядағы компанияның алғашқы өкілдігі болып саналады. Жаңа компанияның құрылуы фармацевтикалық өнімдер сатылымының үлкен мүмкіндіктерін ашады, атап айтқанда жылдық көлемі шамамен 2 миллиард еуро деп бағаланады. Халқы 19,6 миллион адамды құрайтын Қазақстан Орталық Азиядағы ең мықты экономикаға ие. Алкалоид Қазақстан компаниясының бастапқы өнім ассортименті антибиотиктер мен жүкті әйелдерге арналған тағамдық қоспалардан тұрады. Компанияның алдағы жоспарларында ассортиментті кеңейту және қызығушылық танытқан аймақтағы басқа елдер нарығына шығу көзделуде. Алматы қаласында орналасқан Қазақстандағы Alkaloid компаниясының филиалы тиесілі 26-шы компаниясына жатады.
Халықаралық өндіруші фармацевтикалық компания ретінде ALKALOID AD Skopje саладағы барлық сегменттерде қатысуды және денсаулық сақтау жүйелері мен пациенттерге қолжетімді бағамен кең спектрлі дәрілік препараттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Көпшілікке қолжетімді дәрілік препараттарды ұсынумен қатар, ALKALOID AD Skopje био тәрәзді дәрілік препараттарды нарыққа шығару бойынша стратегиялық мақсат қойды. Фармацевтика өнеркәсібінің осы өсіп келе жатқан сегментінде пайда табу мақсатында ALKALOID AD оңтүстіккореялық Rophibio компаниясына миноритарлық акция пакетін сатып алу арқылы инвестиция салуға шешім қабылдады, бұл ALKALOID Pharma International-ды Хорватияда жаңадан құрылған аффилиирленген компанияның рекапитализациясымен байланысты. Оңтүстік Кореядағы 1 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялар ALKALOID AD-ға компанияда қатысу үлесін және оның қызмет көрсету аймақтарында өнімдерді лицензиялау кезінде бірінші таңдау құқығын қамтамасыз етеді. Нарықтың әлеуетін және Rophibio компаниясының командасының тәжірибесін ескере отырып, ALKALOID AD осы ғылыми-зерттеу компаниясына инвестиция салуға шешім қабылдады, ол қазіргі уақытта био тәрізді препараттарды әзірлеудің алдыңғы сатысында тұр.
Инновациялар
Соңғы жылдары ALKALOID компаниясы жаңа көрсетілімдер бойынша қолдану мақөсатында бар дәрілік препараттарды жаңарту процесіне кірісті. Мақсаты – емдеу проблемасын шешуге және жеке немесе арнайы науқас топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қосымша артықшылықтары бар препараттарды жасау. Ассортиментті жаңартуға бағытталған стратегиялық инвестициялар ALKALOID компаниясының қосымша оңтайлы сипаттамалары бар алғашқы патенттелген препаратын сәтті әзірлеуге алып келді. Бұл препарат, ең алдымен, рефлюкс-эзофагит және гастроэзофагеальды рефлюкс ауруын (ГЭРА) емдеуге арналған. Протондық помпасының ингибиторлары, соның ішінде омепразол, рефлюкс-эзофагит пен ГЭРА емдеуде таңдаулы препараттар болып табылады. Бұл препараттар әдетте асқазан-ішек жолдарының әсеріне төзімді таблеткалар мен капсулалар түрінде, сондай-ақ ерітетін ұнтақ түрінде шығарылады. Революциялық ашылудың арқасында ALKALOID компаниясы тарихта алғаш рет қолдануға дайын сұйық омепразолды әзірледі.
ALKALOID компаниясы пероральді қолдануға арналған омепразол ерітіндісінің қосымша оңтайлы сипаттамалары бар дәрілік препаратқа бірінші халықаралық патент алды. Бұл революциялық препараттың алғашқы сатылым рұқсаттары Македония, Ұлыбритания, Ирландия, Нидерланд, Португалия, Венгрия, Румыния, Словения, Хорватия, Болгария және Косоводағы нарықтарда берілді. Қазіргі уақытта басқа еуропалық елдерде және Еуропа одағы нарықтарында тіркеу процесі жүріп жатыр, бұл препаратты нарыққа шығаруға рұқсат алуына және кейіннен оны нарықта ұсынуға мүмкіндік береді.
Негізгі қызмет нәтижелері
Ажыратылған пайда пайыздары, салықтар, тозу және амортизацияны шегергенге дейін (ППСТА) 2 886 531 066 македониялық денарды құрап, шамамен 12%-ға артты, ал таза пайда 12%-ға өсіп, 1 702 570 214 македониялық денарды құрады.
Жиынтық пайда пайыздары, салықтар, тозу және амортизацияны шегергенге дейін (ППСТА) 3 000 938 019 македониялық денарға жетіп, 9%-ға артты, ал таза жиынтық пайда 1 684 020 094 македониялық денарды құрап, 7%-ға өсті.
Өз қызметінде ALKALOID AD Skopje компаниясы 1 000-нан астам отандық жеткізушілерді тартты.
Қызметкерлер
2024 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін ALKALOID AD Skopje компаниясы Солтүстік Македония Республикасында 253 жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдады. 2024 жылдың наурызында ALKALOID AD Skopje компаниясының басқармасы қызметкерлеріне салықтарды шегергеннен кейін 40 500 македондық денар көлемінде демалыс ақысын бекіту және төлеу туралы шешім қабылдады. 2024 жылдың желтоқсанында компанияның басқармасы жаңа жыл және Рождество мерекелері қарсаңында қызметкерлеріне салықтарды шегергеннен кейін 37 000 македондық денар көлемінде жаңа жылдық сыйақы бекіту және төлеу туралы шешім қабылдады. ALKALOID Group компаниясында 3 042 қызметкер жұмыс істейді, олардың 2 302-і елде, ал 740-ы шетелдегі филиалдар мен өкілдіктерде.
Акциялар
ALKALOID AD Skopje компаниясының акциялары 2002 жылдан бері биржада саудаланып, Македония қор биржасындағы ең көп саудаланатын және өтімді акциялардың бірі болып табылады. ALKALOID AD Skopje компаниясының акцияларының бағасы 2024 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін 18 151,00-ден 29 000,00 македониялық денарына дейін өзгеріп, орташа есеппен 22 376,45 македониялық денарды құрады. Акциялардың бағасының динамикасы орташа жылдық өсу тенденциясына сәйкес келді, бұл компанияның оң нәтижелерін жүйелі және ашық түрде жариялау, қолайлы қоғамдық пікір қалыптастыру, біздің өнімдер мен басқаруға деген сенім, сондай-ақ әлемдік және аймақтық қор биржаларындағы жалпы өсу тенденциясымен байланысты болды. 2024 жылдың 31 желтоқсанына қарай 5 945 жеке және заңды тұлға ALKALOID AD Skopje компаниясының акцияларына ие болды, ал оның нарықтық капитализациясы 40,4 миллиард македониялық денарын құрады.
2024 жылдың 1 сәуірінде акционерлердің жыл сайынғы жиналысы 2023 жылға арналған 772,931 мың македониялық денар мөлшерінде брутто-дивидендтерді есептеу және төлеуді бекітті. 2024 жылдың мамыр айына арналған дивидендтер күнтізбесіне сәйкес компания 540 македониялық денар брутто мөлшерінде, яғни бір жай акцияға 486 нетто-дивидендтер төлеуді бастады. 2023 жылға арналған акцияға дивидендтері 2022 жылға арналған акцияға төленген дивидендтерден 10,2% жоғары.
2025 жылға арналған қаржылық-шаруашылық қызмет жоспары
ALKALOID AD Skopje компаниясының басқармасы 2024 жылғы 27 желтоқсандағы отырысында қабылдаған 2025 жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметінің жоспары жиынтық пайданың шамамен 8% -ы мөлшерінде материалдық және материалдық емес активтерге инвестицияларды, 2024 жылғы сатылымдармен салыстырғанда жиынтық сатудың 8% -ға өсуін және 2024 жылмен салыстырғанда салынғанға дейінгі жиынтық пайданың 7% -ға өсуін көздейді
2025 жылға арналған қаржы-шаруашылық қызмет жоспары қазіргі және жаңа нарықтар мен компанияның жоспарды әзірлеу сәтіндегі өнімдеріне қатысты күтілімдер, болжамдар мен мүмкіндіктерге негізделген. 2025 жылғы жағдайлар мен оқиғалар қаржы-шаруашылық қызмет жоспарына енгізілгендерден өзгеше болуы мүмкін, бұл нақты нәтижелердің өзгеруіне әкелуі ықтимал.
Келесі кезеңге арналған күтілімдер
Қиын экономикалық жағдайларда жұмыс істеу тенденциясы, соңғы жылдары басым болғандай, 2025 жылы да сақталуы мүмкін. Инфляция мен пайыздық мөлшерлемелердің өсуі сияқты негізгі мәселелер ағымдағы деңгейде қалады немесе сәл төмендеуі мүмкін деп күтілуде. Сонымен қатар, жаһандық қауіпсіздік саласындағы дағдарыстар экономикалық климатты одан әрі күрделендіріп, белгісіздік тудырып, энергия ресурстарының бағасына, жеткізу тізбегінің бұзылуына және кейбір материалдардың қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін.
2025 жылы өсу динамикасын сақтауды жоспарлап отырмыз. Жаңа өндірістік қуаттар, жабдықтар және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы ағымдағы инвестицияларға сүйене отырып, біз бәсекеге қабілетті өнімдер тізімін нығайтып, нарықты кеңейту мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылатын боламыз. Қойылған мақсаттарға жету жолында біз ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі талантты мамандарды тартуды жалғастырып, қызметкерлеріміздің білім деңгейі мен дағдыларын үнемі жетілдіру және таланттарды дамытуға тұрақты түрде инвестиция салуды жалғастырамыз.